Елтай ауылындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы мешітте жамағат арасында IQRO Quiz атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жамағаттың діни және рухани білімін арттырып, сауаттылық пен ізденіс мәдениетін дамыту болды.
Мешіт имамы Рысбек Ахметұлының айтуынша, мұндай танымдық ойындар жамағатты біріктіріп, білімге деген қызығушылықты арттырады.
– «Бұл сайыс тек жарыс қана емес, жамағат арасындағы бауырмалдық пен ынтымақты күшейтетін рухани алаң. Дініміз білім мен ізденіске үндейді, сондықтан мұндай жобалар соның айғағы», – деді Рысбек Ахметұлы.
Сайыс соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға мешіт атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.





