Естелік

Ұмытпасам, 1971–73-ші жылдардың бірінде, тамыз не қыркүйек айларының бір күнінде біреу сенсе, біреу сенбейтін мына бір көріністі қағаз бетіне түсіргенді жөн санадым. Ол кезде 11–13 жастағы кезім болатын. Түннің бір уақытында ұйқымнан оянып кеттім. Мен жататын бөлмеде үш қарындасым да жатушы еді, олар шырт ұйқыда жатыр.
Бөлмеге кірер есіктің жанында, яғни біздің аяқ жақ тұсымызда кішкене орындықта отырған қарт атаға көзім түсті. Бойы 2–4-ші (класта) сыныпта оқитын балалардың бойындай, кіп-кішкентай. Басындағы сәудесі мен үстіндегі киімдері тіпті сапап-мұрты да аппақ, сол қолында ішінде жібі бар кәдімгі балауыз майшамы бар, шамы жанып тұр.
Ал, аяғынан екі сан тізе тұсында қасиетті саналған “Құран Кәрім” кітабын қойған да, соны оқып отыр. Жүзі мейірімді, бірақ оқуын сәл ғана шапшаңдау оқитын сияқты.
Кітаптың сырты барқыт әлде жібек матадан жасалған екен.
Ал, ішкі жазулары араларын жақын не қашық қылмай араб әрпімен жазылғаны да ап-анық көрініп тұрды.


       Кішкене бала кезімде, кейбір үйлерден тап сондай “Құран” кітаптарын көріп те жүрдім. Кейде оң қолымен сақал-мұртын сипап маған қарап қоятын да, сол қолындағы майшамын “Құран” кітабына жақындатып, кейде қашықтықтан оқуын жалғастыра береді. Жамылғы көрпемен басымның бәрін жауып алсам, онда көрінбейді. Ал, қайта ашсам, маған қарап қояды да оқуын жалғастыра береді. Сөйтіп көрпемді бір ашып, бір жауып әрлі-берлі жатқан соң, отырса отыра берсінші, бізге зияны жоқ қой деген оймен, оң жақ қырыма қисая бет жүзімді сол атаға қарата жамылғы көрпеммен басымның бәрін жауып алып, ұйықтап кетіппін. Тап осы көрініс екі түн қатарынан көрінген соң, зияны болмаса да қорқатын сияқты­мын деп, мама­ма айтып едім, мамам: «үйдің есік-терезелерін ашық қойып, үйден шық, енді балаңа қорқы­тушы болма» деген сөздерін айтып, қазақы ырымдарды жасаған еді. Сол күннен бастап көрінбей, арада бірнеше жылдар өткен соң, тап осы қарт ата мамам, мен, қарындасым Гүлнар үшеуімізге бірдей көрінгені бар. Бұл көрініс 1987–88-ші жылдың тағы да тамыз не қыркүйек айларының бірінде еді.

            Атырау облыстық, Балықшы ауданына қарасты Жайық өзенін жағалай қатар-қатар орналасқан колхоздардың бірінде тұратын (Амангелді кооперативінде) мамамның ата-жездесінің үйіне мамам мен қарындасым Гүлнар үшеуіміз өзіміздің жеке меншік Ваз-21013 «Жигули» машинамызбен барған едік. Кейін қайтар шақ кезімізде, қараңғылық түскен кез еді. Басты жолға (трассаға) шығып, сол ауылдың аялдамасына жақындай бергенімізде, аялдама ішінен бойы кіп-кішкентай, баяғы сол екі түн қатарынан көрінген қарт атаның аялдамадан шыға келгені бар. Ішкі киімдері (көйлек секілді кигені де, бұтындағы бозаңдау ақ белдеу де), екі иығына қазақтың кәдімгі мұсылмандардікіне ұқсас шапаннан (жамыла) жамыла салған.

Шапаны ақ түсті ою-өрнекпен етек-жеңдеріне дейін әшекейленген қара-көкшіл екеніне дейін анық көрінді. Оң қолында алюмин құтылары, аяғында қара түсте мәсі мен галошы бар. Бізге қарап сәл кідіріп тұрды да, аялдамадан бірінші тұрған үйге кетіп барады. Мен машинаның жылдамдығын азайтып, светтің жарығын сол атаға бағыттап едім, мамам маған алаңдама Жүре бер деп, өзі іштей тілін кәлимаға келтіріп, дұғасын оқи бастады. Ал мен, мамам мен қарындасыма бұл ата бұл дүниенің адамы еместігін айтып, машинаның жылдамдығын арттыра түстім. Бір түсіндіре кететінім, сол аялдамадан 15-20 метрдей қашықтықта ұзын жолды жағалай бірнеше үйлер бар. Аялдамаға қарсы қарағанда оң жақ бағытына орналасқан. Сол жақ бағытты бос жер болды. Сол аялдамадан бірінші тұрған үйдің сыртқы көрінісі мен қаппа шарбақтарын, ішкі сыртқы жанып тұрған электр шамдарына дейін аудармай сол жазық бос жерге суретпен қойған да, сол үйге кетіп барады. Ал, аялдама мен жолымызда ешбір өзгеріс болған жоқ. Арада бірнеше жылдар өткен соң, яғни 1999-2000-шы жылдары тағы да тамыз не қыркүйек айларының бірінде түсіме дәл осы қарт еніп, ескерту бергені бар.

Бұны жария етуімнің басты себебі, қасиетті «Құран Кәрім» кітабының Жаратушы Иеміз, Алла Тағаланың бұйрығымен, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ға 23 жыл boyunca аз-аздан Жәбірейіл (ғ.с.) періштесі арқылы барша адамзат баласына тура жолды көрсету барысында, бір ереже әрі заң ретінде түсіріп, оның шынайы түрде мойындалуы еді. Сондай-ақ, кейбір адамдарға шынайы түрде мұсылман болуларына сенгіңді бола ма деген үгіт-насихатым ғой. Осы Құран Кәрімде адам баласы, жын-тағара руларға бөлінгендігі, жын мен адамзат баласын тек өзіне ғана ғибадат етуге жаратқандығы, көктер мен жердің иесі бір Аллаға ғана тән екендігі, бұл өміріміздің ақыретте сұрауы болатындығы жөнінде ескертпе аяттары да көп екен. 

Қиямет-қайым болған күні шынайы түрде иман келтіріп, сәжде еткендердің күнәларын кешіріп-кешірмеуді бір өзі ғана шешетіндігі де нақты жазылған екен. Өзім де мұсылманшылыққа бет бұрғалы көп нәрсе ұққандай болдым. Нақтырақ айтар болсам адам баласының үлкенді-кішілі күнәлары көп болады екен. Сүттен ақ, судан таза ешкімге болмайды екен. Жаратушы Иеміздің алдына барған соң, бұл өмірдегі іс-әрекетіміз бен, не үшін жіберілгенімізге қарай әр түрлі топқа бөліп, оның рақаты мен қиындығының басқа да қатты азаптарының болатынына дейін түсінсін көрсетін, бірнеше рет ескерту-лер берген еді. Байқағаның — байлықты, шойынқан — айыпты демекші, жағдайымыз бар, ыңғай-сынылған аман-есен тұрғаны-мызда бір Құдайға иман келтіріп, шын ықылас-ниетпен дәрет алып, намаз оқып басқа да шарттарын орындап, мұсылманшылыққа бет бұрғанның ешбір ұяты да, қиындығы да жоқ-ау деп те ойлаймын. Бұдан басқа да дәлелдерім көп-ақ, алайда, естіңе екі-ақ сөз де жеткілікті демей ме? 

Тек бір ескертпе кететінім, адамдарды күштеп, намаз оқы, мұсылман бол деуге құқығымыз жоқ екен. Тек, насихат жұмыстарын жиі-жиі жүргізіп тұру керектігі Құран Кәрімде жазылған екен

Мүслимат Меңдібайұлы

Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылының тұрғыны