Ғайбаттың зияны

Ғайбат дегеніміз – «адамның сыртынан сөз айту» деген мағынаны білдіреді.

Құран Кәрімде мұсылмандардың бір-бірінің сыртарынан ғайбат сөз айтып, бір-бірлерін мазақ қылуға қатаң тыйым салынған. Ғайбат, өсек айту өлген бауырыңның етін жегендей үлкен күнә. Себебі, Алла Тағала Құранда былай дейді:

﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا يَسْخَرْ قَومٌ مِّن قَوْمٍ عَسَى أَن يَكُونُوا خَيْراً مِّنْهُمْ وَلَا نِسَاء مِّن نِّسَاء عَسَى أَن يَكُنَّ خَيْراً مِّنْهُنَّ وَلَا تَلْمِزُوا أَنفُسَكُمْ وَلَا تَنَابَزُوا بِالْأَلْقَابِ بِئْسَ الاِسْمُ الْفُسُوقُ بَعْدَ الْإِيمَانِ وَمَن لَّمْ يَتُبْ فَأُوْلَئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ * يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اجْتَنِبُوا كَثِيراً مِّنَ الظَّنِّ إِنَّ بَعْضَ الظَّنِّ إِثْمٌ وَلَا تَجَسَّسُوا وَلَا يَغْتَب بَّعْضُكُم بَعْضاً أَيُحِبُّ أَحَدُكُمْ أَن يَأْكُلَ لَحْمَ أَخِيهِ مَيْتاً فَكَرِهْتُمُوهُ وَاتَّقُوا اللَّهَ إِنَّ اللَّهَ تَوَّابٌ رَّحِيمٌ 

«Ей, иман келтіргендер! Бір адамдар басқа бір адамдарды келемеждемесін! Бәлкім, олар өздерінен артық шығар. Әйелдер де басқа әйелдерді келемеждемесін! Бәлкім, олар өздерінен артық шығар. Бір-бірлеріңді ренжітпеңдер һәм бір-бірлеріңе лақап тақпаңдар. Иманнан кейін пасық есім қандай жаман?! Ал кімде-кім тәубе етпесе, олар залымдар. Уа, иман келтіргендер! Түрлі долбарлы ойлардан сақтаныңдар! Шындығында ойлардың кейбірі күнә. Бір-бірлдеріңді аңдыспаңдар, бір-бірлеріңнің сырттарыңнан ғайбат сөз айтпаңдар! Әлде сендердің біреулеріңе өлген бауырының етін жеу ұнай ма? Сендер оны ұнатпайсыңдар. Алладан қорқыңдар! Шындығында Алла тәубені қабыл алушы һәм өте мейірімді» (Хужурат сүресі)

Бірде Алланың елшісі (с.а.с.) сахабаларынан: «Ғайбаттың не екендігін білесіңдер ме?» – деп сұрайды. Сахабалар: «Алла мен Оның елшісі білер», – деседі. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): «Ол – бауырың туралы сыртынан ол ұнатпайтын түрде еске алып айтуың», – дейді.Бір сахаба:

«Ал сондай сипат оның бойында болса ше?»-деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с); «Егер ол сен айтқандай болса,оны ғайбаттаған боласың, ал егер олай болмаса,жала жапқан боласың»,-деп жауап берді. Бұл хадисті Мүслім,Әбу Дәуіт,Термези,Нәсәи және т.б риуаят еткен.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عن رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَال: «الْمُسْلِمُ مَنْ سَلِمَ النَّاسَ مِنْ لِسَانِهِ وَيَدِهِ وِالْمُؤْمِنُ مَنْ أَمَّنَهُ النَّاسُ عَلَى دِمَائِهِمْ وَأَمْوَالِهِمْ». رواه النسائي

Әбу Һурайрадан (р,а) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с) былай деген; «Мұсылман-оның тілі мен қолынан басқа мұсылмандар аман-сау болған (яғни,қиянат шекпеген) адам, ал мүмін –басқа адамдардың қандары (яғни,жандары) мен малдарын сеніп тапсыратын адамы».Нәсәи риуаят еткен.

Мәселенің анық-қанығына көз жеткізбей тұрып, адамның сыртынан долбарлап әңгіме айту опық жегізетін жаман қасиет. Алланың елшісі (с.а.с.) болжаммен әңгіме айтуға тыйым салған.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ النَّبيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «إِيَّاكُمْ وَالظَّنَّ، فَإِنَّ الظَّنَّ أَكْذَبُ الْحَدِيثِ«. رواهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) Пайғамбар (с.а.с) «Ойлардан (күмәнді ойлардан) сақ болыңдар! Расында ой (яғни,оймен долбарлап айту)- әңгіменің ең жалғаны»,-деген.Бұхари риуаят еткен.

عَنْ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَاْ قَالَ: رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «يَا مَعْشَرَ مَنْ أَسْلَمَ بِلِسَانِهِ وَلَمْ يُفْضِ الْإِيمَانُ إِلَى قَلْبِهِ لَا تُؤْذُوا الْمُسْلِمِينَ وَلَا تُعَيِّرُوهُمْ وَلَا تَتَّبِعُوا عَوْرَاتِهِمْ فَإِنَّهُ مَنْ تَتَبَّعَ عَوْرَةَ أَخِيهِ الْمُسْلِمِ تَتَبَّعَ اللَّهُ عَوْرَتَهُ وَمَنْ تَتَبَّعَ اللَّهُ عَوْرَتَهُ يَفْضَحْهُ وَلَوْ فِي جَوْفِ رَحْلِهِ». رَواهُ التِّرْمِذِيُّ وابنُ حِبَّان.

Ибн Омар (р.а) былай дейді; «Алланың елшісі (с.а.с); «Уа, тілімен иман келтіріп,иманы жүрегіне жетпегендер, мұсылмандарды жәбірлемеңдер, балағаттамаңдар, олардың кемшіліктерін іздемеңдер! Шындығында Алла мұсылман бауырының кемшілігін аңдығанның өзінің кемшілігін аңдиды. Ал Алла кімнің кемшілігін аңдыса, ол үйінің ортасында жасырынып отырса да масқарасын шығарады»,-деді. Термези, Ибн Хиббан риуаят еткен.

Ғалымдарымыз үш кісі жөнінде сөз айту ғайбат болмайды деген:

  1. Залым патшаны сөз ету ғайбат болмайды;
  2. Ашық күнә істеушіні сөз ету ғайбат болмайды;
  3. Дін бұзарды сөз ету ғайбат болмайтынын айтқан.

Жабир ибн Абдулладан жеткізілген риуаятта былай айтылады; “Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дәуірі      нде бір сасық иісті жел есіп қалды. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): “ Мұнафықтар мұсылмандарды ғайбаттады, сол үшін сасық иісті жел тұрды” – деді.

    Ғалымдардың кейбіреулерінен сұралды: Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дәуірінде ғайбат – өсек айтылса төңірек сасып кететін, сүйтіп ғайбат – өсек айтылғаны білінетін. Ал біздің дәурімізде бұл нәрсенің жоқтығында қаңдай хикмет бар? Оған жауап берілді: “Өйткені біздің дәуірімізде ғайбат – өсек көбейіп, мұрындарымыз ғайбаттың сасық иісімен толып біткен, – деп жауап берген екен.

Ғайбат етудің дүниедегі зардабы – ағайын- туыс пен достың арасына іріткі салып, ара қатынасты бұзады. Ал ақыреттегі зардабы -Алланың мейірімінен алыстатып,азабына душар етеді. Тек шындықпен сөйлеп, өсек-ғайбатты аузына алмайтын шынайы мүміндерден болайық ин шәә Алла. Алла Тағала баршамызды ғайбат айтудан аулақ қылсын!

Ералы ҚАМЗАҒАЛИЕВ,

Индер аудандық «Әйіп қажы» мешітінің Бас имамы.