Қазақ қашанда қонағын құрметтеп, төрден орын беріп қадірлеген халық. Қазақы құндылықтарымыз асыл дінімізбен астасып жатқанын көреміз.
Осы тұрғыда құнақ күтудің өзіндік тәртіптері, шариғатымыздағы ескеретін ережелері турасында Тараз қалалық «Әзірет Әли» мешітінің бас имамы, Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Ғазиз Ахмет мырзамен сұхбаттасқан едік.
- Қазақ қонақ келсе құт келеді,-деп жатады. Шариғатымыз қонақ күтудің өзіндік әдептерін қалай түсіндіреді?
Пайғамбарымыз с.ғ.с қонақ келгенде сыйын беріңдер деген. Яғни үш күн емін-еркін қонақ болуына жағдай жасаңдар деген. Одан кейінгі күндердің баршасы садақа болып есептеледі,-деген.
Кез-келген адамның қонақ күтуін айтсақ ортақ дүние бар ол дастархан жаюы. Ең маңыздысы адамды жылы жүзбен қабылдауы. Аста төк дастархан жайып, қонақ келгенде қабағың шытыңқы болса келген мейман отырғысы келмеуі мүмкін. Сондықтан басты нарсе ынта мен көңіл-күйі.
- Адамзаттың артақтысы Пайғамбарымыз с.ғ.с қонағын қалай құрметтеген. Қандай өсиет қалдырды кейінгі үмметке?
Сира кітаптарына қарайтын болсақ Алла елшісінің үйінде қонақ күтетіндей мол дастархан болмады. Бірақ қолында бар мүмкіндіктің барлығын жасауаға тырысты. Алла тарапынан аяттар түскен кезде кейбір адамдар аллп елшісінің үйіне баратын болған. Ол кезде аш жалаңаш адамдар көп болатын. Мешіттің бір бұрышын паналайтын.
Абу Хурайраның р.а сөзіне сүйенетін болсақ, кей кездері мүсәпір жандарды кейбір сахабалар оннан, жиырмадан үйіне алып кетіп тамақтандырып әкелетін болған. Сондай кездерде Алла елшісінің үйңне де арнайы баратын болған. Алла Тағала тарпынан осыған байланысты аяттар да түсіп отырған. Қаншама қонақтарын төсейтін көрпесі болмағандықтан үстіндегі шапанын шешіп соның үстіне отырғызғанын да білеміз. Бұның баршасы қонаққа деген құрметінің көрінісі еді.
- Халқымыз «Құдайы қонақ», «қыдырма қонақ», «арнайы қонақ» т.б деп бөліп жатады. Мұның мәнісі неде деп ойлайсыз?
Арнайы қонақ аты айтып тұрғандай өзіңіздің туыстарыңыз, жақындарың, достарыңыз болуы мүмкін арнайылап күтесіз. Ол келмей қалса ренжитін халықпыз. Пайғамбарымыз с.ғ.с қонаққа шақырылсаңдар барыңдр деп айтқан. Құдайы қонақ ешқандай таныс емес, алыстан келіп қалған жолаушы немесе басқа да баратын жері болмай қиналып қалған адамдар болуы мүмкін.
Бұл қонақтың сауабы көп. Ал қыдырма қонақ арнайы шақырылмаған алыс-жақыннан келіп қалып үйіңізге келіп қалған адамдар. Қалғыма қонақтар қай үйде ас пісіп, ет асылып, дастархан жайылып жатса, соны аңдып жүретін адамдар. Олар құлқынның қамы үшін жүрген жандар деп айтуға болады.
- Ал, енді қонаққа барудың өзіндік әдептері қандай? Сыйлық беруде қандай сыр бар?
Қонаққа барған адам қойдан жуас болғаны дұрыс деп ойлаймын. Кейде қонаққа барып пікір таласып кетіп жатамыз. Ол дұрыс емес және үй иесі қайда отыруды бұйырса сол жерге отыру керек. Бас қоймаса бармаймын деу әдепке сай келмейді.
Және Пайғамбарымыз с.ғ.с хадис-шәріптерінде барған жерлеріңе сыйлық ала барыңдар ол араларыңдағы сүйіспеншілікті арттырады деген. Осы жерде бір ескерту айтқым келеді ер кісі үйдің еріне, әйел адам әйелге беру керек. Амандасқан кезде де ер мен әйел бір-бірінің бетін сүйіп, қол алысып амандасуы құпталмаған. Сондықтан қонақ күтіп сауап алам деп жүріп, күнә алып қалудан сақтану керек.
- Дастарханда адал астың болуына қаншалықты мән беру керек?
Мұсылман баласына арақ-шарап қойылған дастарханға отыруды шариғатымыз құп көрмеген. Үй иесіне дастарханда адал ас яғни шарап болатын болса бармайтыныңды ескерт. Бұл біріншіден арақ қоймауға себепші болады, пәленше де отыр ғой деп келесі жамағатқа мысал болып кетуің мүмкін.
Бұл дұрыс емес нәрсе. Тағы бір мәселе кейбір адамдар қонаққа барған кезде етің адал ма,-деп сұрайды. Бұл да ұнамсыз іс. Қонаққа шақырып, құрмет көрсеткен адам барын салады, ең ұнамды тағамдарын әзірлейді арам тамақ қоймайды деп ойлаймын. Шариғатымызда себепсіз күмәнданудың өзін күнә деп айтқан.
- Шариғатпен біте қайнасқан қандай дәстүрлеріміз бар?
Қонақ күту, бата беру, келіндеріміздің инабаттылығының барлығы шариғатпен байланысып жатыр. Шариғатымызға томпақ келетін дәстүрлер болса өзгерту керек, қатып қалған қағида жоқ. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы» бар деп бекер айтпаған.
- Жаһандану заманында қазақы құндылықтарымызды қалай сақтаймыз?
Жаһандану бұл бүкіл әлемді бір түсінікке алып келу. Қай жақ басым болса сол жаққа еліктеу жүріп жатыр. Алайда біз бұндайға ұрынбауымз керек. Халық болып қалуымыз үшін дәстүрімізді, дінімізді берік ұстануымыз керек.
Жаһанаданудың күшіне жұтылып кетпес үшін жастарды бесіктен тәрбиелеп, ақсақалдардың айтқанын тыңдау керек. Қазақа қашанда үлкенін қадірлеп, құрметтеген халық. Балаларымызды қоғамнан бөлшектей алмаймыз. Сол себепті дұрыс жолға бағыттап, қазақы құндылықтарды сіңіріп отыру керек деп санаймын.
Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан: Нұркен МАҒРИДЕНҰЛЫ
Фото: ашық дереккөздерден алынды