Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлын қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
«Рамазан – бірліктің, татулықтың айы. Осы айда мешіттер тарапынан атқарылып жатқан игі шараларға куә болудамыз. Істеріңізге береке тілеймін. Рамазан құтты болсын!» деді Атырау облысы дін істері басқармасы басшысы Хайролла Көшқалиев.
Тараптар одан әрі Рамазан айындағы ағартушылық, қайырымдылық бағытындағы іс шараларды талқылады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.