Ихсан мешітінде Құран жаттаған шәкірттер арасында сайыс өтті

Ихсан мешітінде Құран жаттап жүрген шәкірттер арасында білім сайысы ұйымдастырылды. Жарысқа қатысқан шәкірттер жаттаған сүрелерін мәнерлеп оқу, әліппе, тәжуид қағидалары және қырық парыз бойынша өз білімдерін көрсетті.

Сайыс барысында қатысушылардың Құран оқу мәдениеті, дұрыс дыбыстау мен діни сауаттылығы бағаланды. Шараның негізгі мақсаты – шәкірттердің Құран жаттауға деген ынтасын арттыру, діни білімін тереңдету және рухани тәрбие беру.

Жарыс соңында белсенділік танытқан шәкірттерге алғыс білдіріліп, үздіктер марапатталып, ата-аналарына да ризашылық білдірілді.