ИХСАН МЕШІТІНДЕ РУХАНИ БАСҚОСУ ӨТТІ

Ихсан мешітінде Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – ұлы нығмет» атты рухани шара өтті. Тағылымды жиында қасиетті Құран оқылып, ел тәуелсіздігі жолында еңбек еткен бабалар рухына дұға бағышталды.

Шара барысында мешіт имамдары жиналған жамағатқа тәуелсіздіктің қадір-қасиеті мен бірліктің маңызы жайында насихат айтты. Сондай-ақ, ақсақалдар ақ батасын беріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Жиын соңында мешіт өміріне белсене атсалысып жүрген азаматтар мен жамағат өкілдерін мешіт имамы Қанат Сердекешов арнайы марапаттап, алғыс білдірді.