Бақтыгерей Молла мешітінің имамдары мен жамағаты «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауыл ішінде жүзге жуық тал отырғызды. Игі іске Сұлтан Бейбарыс қарилар даярлау орталығының шәкірттері де белсене қатысты.
Шараның мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлық танытып, жастарға табиғатты аялаудың маңызын түсіндіру.
– «Тал егу – сауапты амалдардың бірі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде-кім бір ағаш отырғызса, оның жемісінен адамдар мен құстар пайда көрсе, бұл — оған садақа болады» деген. Сондықтан табиғатты күту – иманның белгісі», – деді мешіт имамы шара барысында.
Жергілікті тұрғындар мен жастардың қатысуымен өткен бұл игі бастама ауылдың көркін ажарландырып, экологиялық мәдениетті насихаттауға өз үлесін қосты.





