Атырау облыстық Иманғали орталық мешітінде «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы өтті. Игі шара аясында 300 балаға мектепке қажетті сөмке мен оқу құралдары табысталды.
Акцияны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Зекет және қайырымдылық қорының өңірдегі өкілдері ұйымдастырды. Шарада Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы:
– «Бұл акцияның мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, оларға жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауға мүмкіндік беру. Білім – әрбір адамның жарық шамы. Қоғамның дамуы өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен алған білімінің сапасына тікелей байланысты», – деді бас имам..
Шара соңында ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, балалар қуанышқа бөленді. Еске сала кетейік аталмыш шара барлық мешіттерде ұйымдастырылуда







