ИМАНҒАЛИ МЕШІТІНДЕ ОНЛАЙН ҚҰРАН ХАТЫМНЫҢ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ

Атырау облыстық Иманғали орталық мешітінде қасиетті Рамазан айы аясында күнделікті онлайн тікелей эфирде оқылған Құран Кәрім хатымының қорытынды дұғасы жасалды.

Рухани шараға Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, мешіт ақсақалдары мен әжелері қатысты. Бас имам өз сөзінде Құран оқудың сауабы мен оның адам өміріндегі маңызына тоқталып, жамағатты қасиетті кітаппен етене болуға шақырды.

Жиын соңында жамағат бірлесе қол жайып, хатымның қабыл болуына арнайы дұға жасалды, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін де жалпы дұғалар жасалды.