Қасиетті Рамазан айы аясында Атырау қаласындағы Иманғали орталық мешітінде студент жастарға арналған арнайы ауызашар дастарханы жайылды.
Рухани басқосуда мешіттің наиб имамы, жастар ісі секторының жауапты өкілі Мағжан Игенбайұлы насихат айтып, жастарды имандылыққа, білімге және ізгілікке үндеді. Ол өз сөзінде Рамазан айының тәрбиелік мәніне тоқталып, жастардың бос уақытын пайдалы өткізіп, рухани дамуына көңіл бөлуінің маңыздылығын атап өтті.
Шара соңында жастарға викториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар берілді.













