ИМАНҒАЛИ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ АЙТ ҚҰРМЕТІНЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Атырау қаласындағы Иманғали орталық мешіті аумағында қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында ұлттық ойындар ойнатылып, жамағатқа ерекше көңіл күй сыйланды.

Шара барысында қатысушылар арасында гір тасын көтеру, қол күресі және ләңгі тебу сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

Гір тасын көтеру бойынша:
• І орын – Бралин Ерсейіт
• ІІ орын – Дулат Бегенов
• ІІІ орын – Арман Мыңбаев

Қол күресі бойынша:
• І орын – Дулат Ажғалиев
• ІІ орын – Төре Жаулыбаев
• ІІІ орын – Дастан Байсмаков

Ләңгі тебу бойынша:
• І орын – Нұрболат Сәрсен
• ІІ орын – Бейбіт Юсупов
• ІІІ орын – Айдулат Сайын

Мерекелік шара жамағаттың көтеріңкі көңіл күйімен өтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.