Қасиетті Қадір түні қарсаңында Иманғали орталық мешіті жамағаты үшін ерекше рухани кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында мешітте қасиетті Құран Кәрімді толық хатым еткен Еркебұлан қариға кіші қажылыққа жолдама табысталды. Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қаридың еңбегіне ризашылығын білдіріп, иығына шапан жапты.
Сондай-ақ мешіттің жасы үлкен ақсақалы Аманқос ақсақал мен Қанағат Қалыбайұлы, Иманғали орталық мешітінің наиб имамы, үлкен қажылыққа жолдамаға ие болды.
Шара барысында мешіт ақсақалдарына құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды. Сонымен қатар студент жастарға қаржылай көмек беріліп, «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясы аясында мұқтаж жандарға қаржылай сертификаттар табысталды.







