ИМАНҒАЛИ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ШӘУУӘЛ АЙЫНА ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Иманғали орталық мешітінде ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры өкілдерінің ұйымдастыруымен Шәууәл айының құрметіне орай қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Игі шара барысында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 15 отбасыға азық-түлік себеттері,тұрмыстық қажетті заттар табысталды.

Аталған қайырымдылық шарасына Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы арнайы қатысып, көпшілікке ізгі тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде мұқтаж жандарға қолдау көрсету – әрбір мұсылманның парызы екенін атап өтті.

Қайырымдылық – Ислам дінінің негізгі құндылықтарының бірі. Осы ретте мешіт ұжымы қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыруды мақсат етіп отыр. Бұл қайырымдылық шарамыз Шәууәл шарапаты деп аталады. Осы айдың құрметіне орай сіздерге сый ретінде табыстаймыз деп,- атап өтті бас имамы.

Шара соңында ел амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалып, игі шараға қолдау көрсеткен жамағатқа алғыс білдірілді.