ИМАНҒАЛИ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ЖАРАПАЗАН АЙТЫЛЫП, БАЛАЛАРҒА ТӘТТІЛЕР ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Қасиетті Рамазан айында Иманғали орталық мешіті имамдары мен мешіт ақсақалдары ұлттық-діни дәстүрді жаңғыртып, жарапазан айтты.

Игі шара барысында мешіт өкілдері балаларға жылы лебіздерін білдіріп, тәттілер таратты. Жарапазан айту арқылы өскелең ұрпаққа Рамазан айының мән-мағынасы түсіндіріліп, қазақ халқының рухани құндылықтары насихатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар балалардың жүрегіне қуаныш сыйлап қана қоймай, ұлттық дәстүр мен діни тәрбиені ұштастыруға үлкен септігін тигізеді.

ИМАНҒАЛИ МЕШІТІ ЖАРАПАЗАН АЙТТЫ

ИМАНҒАЛИ МЕШІТІ ЖАРАПАЗАН АЙТТЫ