Индер имамы колледж студенттерімен кездесті

Индер ауданының бас имамы Ералы Қамзағалиев Индер аудандық көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, жастардың дін мен руханиятқа қатысты қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында имам студенттерге имандылық, әдеп пен жауапкершілік, діни сауаттылықтың маңызы туралы ой қозғап, олардың көкейіндегі сұрақтарға нақты мысалдармен түсіндірме берді.

Шара жастардың діни көзқарасын қалыптастыруға және қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайтуға бағытталды.