Индер аудандық «Әйіп қажы» мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы жылы» аясында жамағатпен кездесу ұйымдастырылды. Шараға Иманғали орталық мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев арнайы қатысып, жамағатқа насихат айтты.
Өз сөзінде наиб имам отбасы – қоғамның негізгі тірегі екенін атап өтіп, ер мен әйелдің өзара сыйластығы, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік және отбасылық береке жөнінде пайғамбарлық өсиеттерден мысалдар келтірді.
Кездесудің мақсаты – қоғамда отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жастар арасында жауапкершілік пен имандылық сезімін нығайту болды.

