Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Атырау облысы Исатай ауданы Зинеден Құрасұлы мешітіне бас имам болып Ерлан Қуандықұлы Марданов тағайындалды.
Жаңа имамды жамағатқа Иманғали орталық мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев таныстырып, өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлының ыстық сәлемін жеткізді. Сондай-ақ Ерлан имамға жаңа қызметінде табыс тілеп, сәттілік ниетін білдірді.
Ал бұған дейін Исатай ауданында бас имам қызметін атқарған Жеңіс Құлбайұлы ендігі жерде аталмыш мешітте наиб имам болып қызметін жалғастырады.
Өмірбаяны:
Ерлан Қуандықұлы Марданов 1997 жылы 23 маусымда Атырау облысы Исатай ауданы Зинеден ауылында дүниеге келген.
• 2003-2012 жж. – Зинеден ауылындағы Ю. Гагарин атындағы мектеп түлегі.
• 2012-2015 жж. – АИГИ колледжінде «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алған.
• 2019-2022 жж. – Ақтөбе медресе-колледжін үздік бітірген.
• 2022 ж. – Махамбет ауданы Талдыкөл ауылындағы «Әл-Жамил» мешітінде имамдық қызмет (5 ай).
• 2022-2024 жж. – Исатай ауданы Жанбай ауылындағы «Әйтеке би» мешітінде имам.
• 2024-2025 жж. – Атырау қаласы «Қ.Мұңайтпас» мешітінде наиб имам.
Ерлан Қуандықұлы – отбасылы.


