Исатай ауданы әкімінің орынбасары Нұрберген Мұратұлы Утегенов ауданға тағайындалған Зинеден Құрасұлы мешітінің жаңа бас имамы Ерлан Мардановты қабылдады.
Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері, ішкі саясат бөлімі мен дін саласының жауапты мамандары қатысты. Жиында Иманғали орталық мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлының сәлемін жеткізіп, жаңа имамды әкімдік өкілдеріне таныстырды.
Әкім орынбасары Нұрберген Мұратұлы имамның жұмысына сәттілік тілеп, аудан жамағатының бірлігі мен рухани өмірін дамытуда бірлесе қызмет етуге шақырды. Өз кезегінде Ерлан Марданов сенім білдіргені үшін алғыс айтып, өңірдің діни тұрақтылығы мен жастардың рухани тәрбиесіне үлес қосуға дайын екенін жеткізді.



