Исатайда мешіт жамағаты арасында шағын футболдан спартакиада өтті

Исатай ауданында мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан спартакиада ұйымдастырылды. Достық пен ынтымақты арттыруға бағытталған бұл жарысқа ауданның бірнеше мешіт командалары қатысты.

Шараға Исатай ауданының бас имамы Ерлан Қуанұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жамағат арасындағы бірлік пен бауырмалдықтың маңызын атап өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орынҚамысқала мешіті
🥈 ІІ орынӘйтеке би мешіті
🥉 ІІІ орынЗинеден Құрасұлы мешіті

Іс-шара соңында жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар мен кубоктар табысталып, жамағат арасында жылы көңіл мен достық рух орнады.