ИСАТАЙДА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

«Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің жауапты маманы Мұрат Мұстафаев Исатай ауданында жамағатпен кездесті.

Қасиетті жұма намазынан кейін өткен «Пәтуа сағаты» барысында жамағат тарапынан қойылған түрлі діни сұрақтарға жауап берілді. Кездесуде шариғат үкімдері, күнделікті өмірдегі діни мәселелер, құлшылыққа қатысты сауалдар кеңінен талқыланды.

Мұрат Мұстафаев өз сөзінде Ислам дінінің негізгі қағидаларын дұрыс түсінудің маңыздылығына тоқталып, дәстүрлі діни танымды ұстануға шақырды. Сондай-ақ, күмәнді ақпараттар мен жат ағымдардан сақ болу қажеттігін атап өтті.

Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі тұшымды жауаптар беріліп, жиын қатысушыларға пайдалы рухани кездесу болды.