Ішкілікке салынудың қасіреті

АРАҚ… БҰЛ СӨЗДІҢ АЙРАНДАЙ ҰЙЫҒАН ОТБАСЫН ТАЛҚАНДАҒАН, ТАЛАЙ ЖАС ӨРЕНДЕРДІҢ ЖІГІТТІГІН ҰРЛАП, ТҮРМЕЛЕРГЕ ТОҒЫТҚАН, ҚАНШАМА ҚАРА КӨЗДЕРІМІЗДІ АЖАЛ ҚҰШТЫРҒАН ҚАСИЕТСІЗ АТАУ ЕКЕНІН АТЫ АТАЛҒАННАН-АҚ БІЛІП, ТҮСІНІП ӨСТІК.

Халқымыз не себепті ішімдікке «арақ» деген атау берді екен? Оның астарында қандай мән бар?» деген ой болды. Сөйтіп, бүл тексіз дүниеге халқымыздың не себепті арақ атауын бергенін 2007 жылы Астана медресесіне түскеннен кейін ұғындым.

Араб тілінде «عرق арақ» сөзі «адамның денесінен бөлінетін арам тер» деген мағынаны береді. Арабтар терді арақ десе, халқымыз арақты арам терге теңеген екен ғой.

ЕРЖАН ҚУАНЫШҰЛЫ, “СҰЛТАН БЕЙБАРЫС” МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ