«Хз.Мұхаммедтің діні ең жарқын дін. Осы күнге дейін сақталып келуінің себебі жетістіктеріне байланысты. Бұл дін пайда болған күннен бері Тәңір тарапынан қорғалып келеді. Арадан 1200 жыл өтсе де, әлі күнге дейін құршысы кезеңінде қандай болса, қазір де сол күйінде. Мұхаммед тарапынан жазылған үкімдер бүгінде өз құндылығын жоя қойған жоқ».
Вольтер (1694-1778) тұлғалар мен оқиғаларды мысқылдау әдісімен сынай жеткізе білген атақты француз философы. «Философша әңгімелер мен әзілдер» атты еңбегі де аталмыш әдіс бойынша жазылған және фанат христиандарды қан қақсатқан кітап болып есептеледі. Автордың айтқандары негізінен ақылға сыйымды,толық құптарлық жайттар. Бұл мақаламызда оның христиандық, хазіреті Иса, Исламият және хазіреті Мұхаммед (с.а.у) жайында айтқан кейбір сөздерін көрсете келе, талдау жасауға тырыстық.
Вольтер негізінен дінге қарсы емес. Ол діннің қажет екендігін былайша түсіндіреді: « Ия, бір дінқажет. Алайда ол дін таза, ақылға сыйымды және әлемдік деңгейде болуы тиіс. Яғни шағын бір аймақ үшін ғана емес, күллі адамзат үшін сәулелі нұрын шашқан күндей болуы қажет (сонда.1/215). Вольтердің іздегені де нағыз Ислам сияқты әлемдік дейгейдегі дін болатын. Өйткені, хазіреті Пайғамбар күллі адамзат баласына жіберілген:
«Біз сені күллі адамзат баласына тек сүйіншілеуші әрі ескертуші ретінде жібердік. Бірақ, адамдардың көбі мұны біле бермейді» (Сәбә сүресі,28 аят)
Вольтер атап көрсеткен христиандық сынға алынға христиандық болатын. Оның айтқандарынан мына жайтты анық аңғаруға болады. «Өткен әрбір ғасыр Исаның дінін бұзғандығы соншалық, бүгінгі христиан діні оның дініне толығымен қарама-қайшы келетіндей сипат алды»(сонда.1/225). «Адам байғұсты (хз.Исаны) кейін келе бір пайғамбар, үш ғасырдан соң тәңір жасап, шектен тыс әрекеткебарды» (снда.1/224)
Ажалсыздық, көріп бақылау, барлық нәрсеге құдіреті жету, тумау және тудырмау сияқты қасиеттер (сипатар) тек шанайы жаратушыға тән қасиеттер.) Өткінші, әлсіз әрі қорқақ болмыстарды тәңірдің орнына қою күлкілі. «Тәңірдің қалай өлгендігін ұғыну үшін басым әбден қатты» (сонда. 1/201). Иса шын мәнінде тәңір болса, неге тәңірлік қабілеттерін қолданбалы? Күнәдан арылту үшін келсе де, неге бізді күнәнің ортасынан тастап кетті? (сонда 1/200) Қазір мен тұрып, шайтан тарапынан дер жүзінің ең биік төбесіне шығарылған бір яһудиге жаратқан деп табына аламынба? (сонда. 1/203) Бұл оқиға Матай інжілінің төртінші тарауында айтылып, былай деп көрсетілген: Бұдан кейін Киелі рух Исаны шайтанның сынағынан өтуі үшін айдалаға алып барды. Сол жерде қырық күн, қырық түн ораза тұтып, Иса әбден ашықты. (Матай,4/1-2) Ғибадат ету құлдарға ғана тән сондай-ақ ашығуы тәңірлікке жат әрекет.
Азаптың ең ауырына тап болған, ажалдың әкелетін үрейі мен қорқынышы ішінде қалған төменгі тпатан шыққан яһудиді қалайша Тәңір дей аласың?
Хазіреті Исаның айқышқа керіліп, азаппен өлтірілуі исламдық сенімге қайшы келеді. Десек те, інжілінің 15 тарауында айқышқа керілместен бұрын Исаның басына тікенекті бұтақшылардан өлілген тәж кигізіліп, таяқпенен басына ұрылғандығы, бетіне түкіріліп, өзін де құтқара алмағандығы, «айқыштан түсіп өзіңді құтқарып ал» деп мазақ болғандығы және Исаның «Құдайым! Құдайым! Неліктен мені жалғыз қалдырдың» деп шағымданғандығы айтылады. (Марқа, 17,19,30,33). Мұның шынайы Исаның болмысымен жанаспайтын, содай-ақ тағы бір айтарым, Тәңір деп есептелетін болмысқа еш жараспайтын дүние екендігін аңғаруға болады. «Егер біреу бетіңнің оң жағын ұрса, оған сол жағыңды да тос» (Матай, 5/39) дейтін Иса қалайша басқа жерде «Мені дүние жүзіне жалған татулық әкелу үшін келді деп ойламаңдар. Мен ондай татулықты емес, жақсы мен жаманды бір-бірінен ажырататын семсерді әкелу үшін келдім. Сөйтіп (пайғамбардың алдын ала айтқан мына сөздерін) жүзеге асыруғакелдім: «Ұлы әкесіне, қызы шешесіне, келіні енесіне қарсы тұрады». (Матай, 10/34-35).Вольтер бұл сөздерді естігенде іштей қынжылғандығын айтады.
Вольтер хазіреті Исаға қатыстыайтылған қисынсыз әңгімелердің бірін былай деп көрсетеді: «Ақ нан мен қызыл шараптың тәңірге айналуын ұғыну үшін адамның жануарға айналуы қажет емес па?» (сонда. 1/293) Матай інжілінің 26- тарауының 26 және одан кейінгі аяттарында хазіреті Исарың нанды үзіп шәкірттеріне бергендігі және «алып жеңдер, бұл менің денем», дегендігі, сондай-ақ тостағанды ұзатып: «мынадан бәрің де ішіңдер, бұл менің қаным» дегендігі айтылған. Вольтер бұл оқиғаны сынға ала келіп, шіркеудегі нан мен шарап мерекесімен кейін әулие әкейлер жалпыға ортақ әжетханаға ма, әлде арнайы жеке әжетханаға ма, қайсысына баратындықтарын тартысқандығы айтады. Өйткені, Исаның еті мен қанының басқа лас дүниемен араласуының күнә екендігіне сенбейтін еді. Вольтердің Исламият және хазіреті Мұхаммед жайында айтқан кейбір сөздеріне тоқталып өтелік: «Хз.Мұхаммедтің діні ең жарқын дін. Осы күнге дейін сақталып келуінің себебі жетістіктеріне байланысты. Бұл дін пайда болған күннен бері Тәңір тарапынан қорғалып келеді. Арадан 1200 жыл өтсе де, әлі күнге дейін құрушысы кезеңінде қандай болса, қазір де сол күйінде. Мұхаммед тарапынан жазылған үкімдер бүгінде өз құндылығын жоя қойған жоқ.
« Мұхаммед Ескендір сынды батыл, Нума сынды ақылды еді. Ал хазіреті Иса болса қамалған күннен бастап азап шегіп, қиындыққа душар болады. Мұхаммедтің діні өзгермейді. Ал сендер діндеріңді өзгертіңдер». (сонда.1/302)
Батыстықтар мен жергілікті Ислам дінінің дұшпандары тарапынан сынға алынған Мұхаммедті (с.а.у) Вольтер былай қорғаштай: «Көп әйел алу туралы сөз қозғау былай тұрсын,Мұхаммед тіпті ондай дәстүрлі жоюға әрі шектеу қоюға тырысқан. Білге Сүлейманың 700 әйелі болған екен. Бұл көрсеткішті Мұхаммед төртке түсірген. (сонда.1/320) Ол мұсылман мемлекеті ретінде танылған түріктердің дініне деген өз ықыласын былай білдірген екен: «Тәңірге шүкіршілік етіп, сенімен осылай тауық қосылған палау жейік. Сенің дінің маған асыл тастан тізілген алқадай көрінеді, жалғыз тәңірге құлшылық етесің, жыл сайын кірісіңнің қырықтан бірін зекет ретінде бересің, мереке күндерінде дұшпаныңмен татуласуға мәжбүрсің. Бүкілдүниеге жала жапқан біздің дүмшелер сенің дініңнің толығымен сезімдерді оятқан дін болғандығы үшін ұсталатындығын бәлкім мың мәрте айтқан болар. Бұл бейбақтардың барлығы да жалған айтады. Сенің дінің өте қарбалас күнге бес уақыт намаз оқуды, ең қиын ораза тұтуды, біздің әулие әкейлердің майын тамызған, шарабымен ликерін ауызға алмауын бұйырады».
Вольтер бұзылған христиандықты сынға алып, хазіреті Пайғамбар мен Исламиятты бірнеше жақтан мақтағаннан кейін, мынадай тілек айтады: « Құдайым! Бүкіл Еуропа халықтары мұсылмандардың жолынан үлгі алса екен!» (М.Рыза. Хакими, Ислам ғылымы тарихы.4/112)
Мақаламызды ислами жерлеу рәсімі бойынша жерленгендігі айтылып жүрген атақты орыс жазушысы Толстойдың мынадай сөздерімен түйіндемекшімін: «Мен үшін Мұхаммедтің діні айқышқа табынумен теңдестірілмейтіндей деңгейде жоғары. Егер адам баласы таңдау құқығына ие болатын болса, ақыл-есі бүтін әрбір христиан, әрбір адам еш күмәнсіз және ойланбастан Мұхаммедтің дінін, яғни тек Аллаһ пен оның пайғамбарын қабылдаған болар еді». (Толстой, хз. Мұхаммед.48.Стамбул 2005)
Жоғарыда айтылған шындықтар жалған, пайда күнемдік пен интрига арқылы мұсылман қауымының сана-сезімін улауға тырысқан миссионерлерге арналады.
Рустам Сулейменов,
«Қ. Мұңайтпасов» мешітінің ұстазы.