Ізгілік пен сабырды дәріптеген сұхбат

Құспан молла мешітінің наиб имамы Ержан Насихатұлы Атырау телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында ол қасиетті Рамазан айының ерекшеліктері, оның адам руханиятына әсері, сабыр, қайырымдылық пен ізгі амалдардың маңызы туралы ой бөлісті. Сондай-ақ, ораза айында рухани құндылықтарды нығайтып, қоғамда мейірім мен өзара түсіністікті арттырудың мәніне тоқталды.