Махамбет аудандық мешітінде аудандық көлемде ұйымдастырылып жатқан кезекті #2 «Oilan, tap» діни-интеллектуалдық білім сайысы өтті.
Зияткерлік сайыс кезінде қатысушылар дін, тарих, руханият тақырыптарына қатысты сауалдарға жауап берді.
«Зияткерлік сайыстың мақсаты – аудан тұрғындарының, жалпы жамағаттың арасындағы ынтымақтастықты арттыру» дейді ұйымдастырушылар.
Сайыс нәтижесінде жеңімпаз жүлдегерлер анықталды:
1-орын: «Дүйсәлі қажы» тобы (20.000)₸
2-орын: «Ықылас» тобы (15.000)₸
3-орын: «Ансар» тобы (10.000)₸





