Атырау облысы, Махамбет ауданында жастар мен Отбасылық қолдау орталығының мамандарының қатысуымен «Адал еңбек – Алла жолы» атты тағылымдық кездесу өтті.
Кездесуде ауданның бас имамы Нұрбек Ибадуллаев сөз сөйлеп, адал еңбек етудің маңызын, ризық-несібенің адал жолмен табылуының берекесін түсіндірді.
Имам өз насихатында:
«Адал еңбек – мұсылманның ең үлкен жауапкершілігі. Адам өз маңдай терімен тапқан табысын ғана адал деп санайды. Алла Тағала еңбексүйгіш құлын жақсы көреді», – деп атап өтті.
Шара барысында жастар мен орталық мамандары еңбек тәрбиесі, отбасындағы жауапкершілік, уақыттың қадірі туралы ой бөлісіп, өз тәжірибелерімен алмасты.
Кездесудің мақсаты – жастарды жалқаулықтан сақтап, еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелеу, қоғамға пайдалы азамат болуға үндеу.



