Атырау облысы, Жылыой ауданы Майкөмген ауылындағы «Майкөмген» мешітіне имам тағайындалды. Бұл қызметке Мұхаммед-Мұса Нұрлыбекұлы Сүндетов бекітілді.
Мұхаммед-Мұса Нұрлыбекұлы 2001 жылы 21 ақпанда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген.
2006–2016 жылдары Құлсары қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектепті тәмамдаған.
2016–2018 жылдары Жылыой мұнай-газ және технологиялық колледжінде білім алып, «Оператор» мамандығын игерген.
2020–2023 жылдары Әбу Ханифа медресе-колледжінде оқып, оқу орнын үздік дипломмен аяқтаған.
Еңбек жолын 2023 жылы бастап, 2026 жылға дейін Жылыой ауданы Қосшағыл ауылындағы «Қосшағыл мұсылмандар» мешітінде наиб имам қызметін атқарған. Имамды жамағатқа таныстырған Жылыой ауданының бас имам Думан Мұратұлы ҚМДБ төрағасы бас мүфтидің бұйрығын оқып, жаңа имамның қызметіне береке тіледі





