Өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мен Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мұсаев қала аумағындағы мал сою орындарына б барып, ондағы санитарлық-гигиеналық жағдаймен және шариғи талаптардың орындалу барысымен танысты.
Мамандар малдың халал талаптарына сай сойылуы, қасапшылардың біліктілігі, тазалық нормалары, арнайы жабдықтардың жағдайы мен жалпы инфрақұрылымға назар аударды. Қос тарап мал сою процесінің адамгершілік, діни және санитарлық нормаларға толық сай болуының маңыздылығын атап өтті.
Бас имам Болатбек Ұласқанұлы өз сөзінде халал талаптарына сай келмейтін әрекеттерге жол бермеу қажеттігін және бұл істің мұсылман қауымы үшін ерекше жауапкершілік жүктейтінін айтты. Ал Қаһарман Мұсаев санитарлық талаптардың сақталуы тек діни емес, қоғамдық денсаулық сақтау тұрғысынан да аса маңызды екенін жеткізді.
Тексеру нәтижесінде бірқатар ескертулер беріліп, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктелді.
Еске сала кетейік қала аумағында талаптарға сай үш мал сою орындары бекітілген. Адал мал базары, Иманғали және Қажымұқан Мұңайтпасұлы мешіттеріндегі қасапханалар жұмыс жасайды.

