Малазиялық жиһангер Ахмат Атыраудағы тарихи мешітпен танысты

Атырау қаласына саяхаттап келген малазиялық жиһангер Ахмат өңірдегі тарихи орындардың бірі — Құспан молла мешітіне арнайы ат басын бұрды.

ХІХ ғасырда салынған бұл мешіт — Атырау өңіріндегі көне әрі тарихи діни нысандардың бірі. Қонақты мешіттің имамы Елдос Оташбаев қазақы дәстүрмен дастархан жайып, мешіт тарихы мен қызметі туралы кеңінен таныстырды.

Жиһангер Ахмат мешіттің сәулетіне, тыныс-тіршілігіне және жергілікті халықтың діни дәстүрге деген құрметіне ерекше ықылас білдірді.