Мақат аудандық мешітінде «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жамағатқа арналған рухани насихаттар басталды.
Насихат барысында ауданның бас имамы Біләл Сүннетқожаұлы, сондай-ақ Доссор және Сағыз ауылының имамдары қонақ ретінде қатысып, жамағатқа діни-рухани тәрбиелік ойларымен бөлісті.
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда адамгершілік пен адалдықты насихаттау, жамағат арасындағы рухани байланыс пен түсіністікті нығайту.








