Мақат ауданында №9 Мақат кітапханасының ұйымдастыруымен «Діни экстремизм – әлемге төнген қауіп» атты шара өтті.
Кездесу барысында Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов экстремизмнен қорғану – әр отбасының міндеті екенін айтты.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген әл-Фарабидің асыл сөзін тағы бір мәрте еске сала келіп, ең әуелі – тәрбие, содан соң барып білімді игеру, сол игерілген білім, ғылым арқылы дінді ұстану қажет. Сондай-ақ, жастарды теріс бағытқа түспей, әр түрлі ағымдардан, терроризмнен аулақ болуға шақырамын» деді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.