Мақат ауданында мектеп оқушыларымен тағылымды кездесу өтті

Мақат ауданында М.Баймұқанов және Х.Санбаев атындағы орта мектептерінде 10–11 сынып оқушыларымен тәрбиелік мәні зор кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» қағидасы, ұлттық тәрбие, білім алудың маңызы және болашаққа дұрыс бағдар жасау тақырыптары кеңінен қозғалды.

Жиын барысында оқушыларға адамгершілік құндылықтар, ата-анаға, ұстазға құрмет көрсету, қоғамда өзін дұрыс ұстау, сондай-ақ білім мен ізденістің өмірдегі орны туралы тағылымды ойлар айтылды. Кездесуге келген қонақтар жас буынды уақытты тиімді пайдалануға, кітап оқуға, рухани әрі зияткерлік тұрғыда дамуға шақырды.

Шара соңында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мұндай кездесулер жастардың саналы ұрпақ болып қалыптасуына, тәрбие мен білімді қатар ұстануына оң әсер ететіні атап өтілді.