Мақат ауданында полиция қызметкерлерімен кездесу өтті

Мақат аудандық полиция бөлімінің ұжымымен кездесуде “Діни сауаттылық – жат ағымнан сақтайды” тақырыбы аясында тағылымды әңгіме өрбіді.

Жиынға ауданның бас имамы Билал Сүннетқожаұлы қатысып, полиция қызметкерлеріне діни сауаттылықтың қоғамдағы маңызы мен жат ағымдардың алдын алудағы рөлін түсіндірді. Сонымен бірге арнайы сала мамандары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, мазмұнды пікір алмасты.

Кездесу діни тұрақтылықты нығайтуға және құқық қорғау саласы қызметкерлерінің рухани білімін арттыруға бағытталды.