Мақат ауданында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, Мақат және Доссор кенттеріндегі аз қамтылған, көп балалы отбасыларға азық-түлік көмегі көрсетілді. Игі іс аясында тұрғындардың әлеуметтік жағдайына қолдау білдіріліп, мұқтаж жандарға нақты көмек берілді.
Атап айтқанда, Мақат кентінен 4 отбасыға, Доссор кентінен 5 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды. Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – тұрмысы төмен отбасыларға демеу болып, қоғамда мейірімділік пен өзара қолдау құндылықтарын нығайту.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табатынын жеткізді. Ал көмек алған отбасылар көрсетілген қолдау үшін ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін айтты.




