Қасиетті қажылық парызына орай Мақат ауданындағы мешіттерде жамағатқа арналған насихат жұмыстары жүргізілуде. Діни шаралар барысында имамдар қажылық құлшылығының маңызы, оның парыз болуының шарттары мен орындалу тәртібі туралы кеңінен түсіндіруде.
Насихат кезінде қажылыққа ниет еткен азаматтарға рухани және физикалық дайындық, сабыр мен тәртіптің маңыздылығы айтылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен ресми талаптар жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ жамағатты алаяқтықтан сақ болуға, қажылықты тек ресми туроператорлар арқылы атқаруға шақырды.




