Мақат аудандық орталық мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 25 отбасына азық-түлік таратылды.
Сонымен бірге 10 мұқтаж отбасына қаржылай көмек табыс етілді.
«Шара мұқтаж ретінде мешіт тізімінде тұрған жанұяларды қамтыды.
Исламда «садақа жария» деген ұғым бар. Қоғамның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істерді «садақа жария» дейді. Мешіт, медресе, аурухана тұрғызу, көше, көпір салу, ауызсуы жоқ ауылдарға су тартып, құдық қаздыру, міне, бұлар халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істер. Қамкөңіл жанға көмек қолын созу – ол да қайырлы іс» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.