Мақат орталық мешітінің азаншысы облыстық жарыста жүлдегер атанды

Жастар арасында өткен облыстық еркін күрес чемпионатында Мақат орталық мешітінің азаншысы Жанболат Нұрланұлы 74 кг салмақта жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орынды иеленді.

Жарысқа өңірдің әр түкпірінен келген жас спортшылар қатысып, өзара бақ сынады. Діни қызмет пен спортты қатар алып жүрген Жанболат Нұрланұлы бұл жетістігі арқылы жастарды салауатты өмір салтына үндейтін жарқын үлгі көрсетті.

Жүлдегерді мешіт жамағаты құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.