Мақатта «Әке – отбасының тірегі» атты семинар өтті

Мақат ауданында жас әкелерге арналған «Әке – отбасының тірегі» атты семинар ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – отбасындағы ер азаматтың жауапкершілігін арттырып, жас әкелердің рухани және тәрбиелік рөлін күшейту болды.

Жиынға ауданның бас имамы Билал Сүннетқожаұлы қатысып, шариғи тұрғыда ер азаматтың отбасы алдындағы міндеті мен жауапкершілігі туралы тағылымды насихат айтты. Сонымен қатар наиб имам Дастан Сүлейменов қазақтың дәстүрлі танымындағы әкенің орны мен беделі жөнінде ой қозғап, ұлттық тәрбиедегі ер адамның үлгісі жайында насихат айтты.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, отбасылық құндылықтарды сақтау мен ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру бағытында ұсыныстар білдірді.