Мақат аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық мақсатында футболдан турнир өтті. Жарыс Серікұлы Ибрахимнің еміне және Бәйгетөбе ауылындағы мешіт құрылысына қолдау көрсету үшін ұйымдастырылды.
Жалпы 8 команда қатысқан турнир нәтижесінде:
🥇 І орын – 2002 жылғы түлектер
🥈 ІІ орын – 1994 жылғы түлектер
🥉 ІІІ орын – 1993 жылғы түлектер
Шара барысында 310 000 теңге қаражат жиналып, оның бір бөлігі Ибрахимнің еміне, қалғаны мешіт құрылысына жұмсалды.






