Мақатта нашақорлықтың зардабы жөнінде тағылымды кездесу өтті

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде «Нашақорлық пен есерткінің зардабы» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға колледждің студенттері мен ұстаздарымен бірге Мақат ауданының бас имамы Біләл Сүннетқожаұлы қатысты.

Жиын барысында қатысушыларға нашақорлықтың жеке адамға, отбасына және қоғамға тигізер залалы кеңінен түсіндірілді. Өз кезегінде ауданның бас имамы Біләл Сүннетқожаұлы жастарға арнаған насихатында:
«Есірткі – адамның ақыл-есін улап, тағдырын тәлкекке салатын қауіпті дерт. Жастарымыздың уақытын пайдалы білімге, ізгі істерге арнап, салауатты өмір салтын ұстануы – ел ертеңінің кепілі», – деп атап өтті.

Шараның мақсаты – жас ұрпақты теріс әдеттерден сақтандыру, олардың бойында рухани иммунитет қалыптастыру және қоғамға пайдалы азамат болуға үндеп, дұрыс таңдау жасауға шақыру.