Мақат ауданының бас имамы Біләл Сүннетқожаұлы аудан тұрғындары мен жастармен кездесу өткізді. Жиын барысында отбасы құндылықтарының қоғамдағы орны мен маңызы сөз болды.
Бас имам өзінің насихатында ата-анаға құрмет көрсету, бала тәрбиесіне мән беру, ер мен әйелдің отбасындағы міндеттері мен жауапкершіліктерін атап өтті. Сонымен қатар жастарды бірлік пен ізгілікке, имандылық пен адалдыққа шақырды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін білдірді.

