Мақатта «Рамазан сыйы» аясында қайырымдылық көмектер көрсетілді

Қасиетті Рамазан айы аясында жүзеге асып жатқан «Рамазан сыйы» жобасы шеңберінде бірқатар қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Атап айтқанда, Атырау облысы Мақат ауданына қарасты Бәйгетөбе ауылындағы мешітке кәсіпкер азаматтың атынан 240 000 теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.

Сонымен қатар Нұр-Мүбарак университетінде білім алып жатқан шәкірттерге зекет қаражаты есебінен 250 000 теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі істер Рамазан айының мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін мәнін айқындай түседі.