МАҚАТТА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Мақат аудандық мешітінде Тәуелсіздік күніне орай игі шара ұйымдастырылды. Айтулы мерекеге байланысты әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж 15 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Шара барысында мешіт жамағаты мен демеушілердің қолдауымен азық-түлік себеттері мен тұрмыстық қажетті заттар таратылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қайырымдылық акциялары ел бірлігін нығайтып, қоғамдағы өзара жанашырлықты арттыруға бағытталған.

Мешіт ұжымы алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары тұрақты түрде жалғасын табатынын жеткізді.