Мақат ауданының бас имамы Біләл Сүннетқожаұлы аудандық Жастар орталығында жастармен кездесті.
Кездесу барысында экстремизм мен терроризмнің, сондай-ақ жат діни ағымдардың қоғамға тигізер зияны мен қауіптілігі туралы кеңінен сөз қозғалды. Имам жастарды дәстүрлі дін құндылықтарын ұстануға, күмәнді ақпараттардан сақ болуға және діни сауаттылықты арттыруға шақырды.
Сонымен қатар, жиында дұрыс діни таным қалыптастырудың маңызы түсіндіріліп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.



