Атырау қаласы, Тасқала ауылында орналасқан Мәулімберген мешіті 20 отбасына әлеуметтік көмек көрсетті. Қайырымдылық шарасы аясында мұқтаж, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі жандар қамтылып, азық-түлік салынған себеттер таратылды.
Мешіттің бас имамы Мақсот Бағытжанов шара барысында:
«Қайырымдылық – мұсылманның асыл қасиеті. Жаратқан иеміз Құран Кәрімде: «Жақсылық жасаңдар, расында Алла жақсылық жасаушыларды жақсы көреді» деп бұйырған. Осындай сәттер жүректерге жылу ұялатып, имандылықты нығайтады. Алла баршаңыздың шаңырағыңызға береке берсін!» – деп жиналған жұртшылыққа ізгі тілек арнады.
Игі іске жергілікті жамағат және мешіт жастары да белсене атсалысты. Ұйымдастырушылар мұндай сауапты шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.


