Атырау қаласындағы Медет мешітінде жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымдары – «Мұнара» газеті мен «Иман» журналы таныстырылды.
Шара барысында жамағатқа аталған басылымдардың мазмұны, рухани-ағартушылық маңызы мен қоғамдағы орны туралы кеңінен түсіндіріліп, жазылу мүмкіндіктері жайлы ақпарат берілді.
Іс-шараға арнайы қатысқан Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы насихат айтып, аталмыш басылымдарға жазылудың қоғам үшін де, жеке тұлға үшін де рухани пайдасы зор екендігін атап өтті.

