Медет мешітінде рухани дастархан жайылды

Медет мешітінде «Ислам және адал қоғам» жылы аясында рухани дастархан жайылып, жамағатқа арналған кеш ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мешіт имамы Арыстан Мұхамедкәрім насихат айтып, қатысушыларға діни-рухани білім мен ізгі өмірлік құндылықтарды түсіндірді. Кештің мақсаты – жамағат арасындағы бірлікті арттырып, рухани тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды насихаттау болды.