АТЫРАУ МЕШІТТЕРІНДЕ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ӘДЕБІ МЕН САУАТТЫ НАСИХАТ АЙТУ САПАСЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Атырау имамдарына арналған «Дін қызметкерінің әдебі, қызметтік этика және халық алдындағы сауатты насихат айту» бағыты бойынша өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлының тапсырмасымен, облыстағы барлық мешіттерде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Әр мешіттің жауапты имамдары өз қарамағындағы дін қызметкерлеріне аталмыш бағытта дәріс өткізіп, дін қызметкерінің әдебі мен мінез-құлқы, халықпен қарым-қатынастағы мәдениеті, сондай-ақ насихат айтудағы сауаттылық пен жауапкершілік жөнінде түсіндіруде.

Бұл бастаманың мақсаты – имамдардың қызметтік этикасын күшейтіп, қоғам алдында дін қызметкерінің беделін арттыру және уағыз-насихат жұмыстарының сапасын жақсарту болып табылады.