Миялы мен Сағыз жамағатының шәкірттері арасында кіші футболдан достастық кездесу өтті.
Шара барысында аудан бас имамы Мұрат Алдоңғарұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, ойынның спорттық рух пен достыққа негізделгенін атап өтті.
Кездесу жастар арасында дене шынықтыру мен командалық рухты дамытуға, сондай-ақ имандылық пен әдептілікті насихаттауға бағытталған.





