Бірер ай бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Munara TV» телеарнасы «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында республикалық бейнероликтер байқауын жариялаған болатын. Ұйымдастыру алқасы дайын жұмыстарды қабылдау уақытының өзгергенін, яғни байқауға әзірленген бейнероликтер қараша айының 10-на дейін қабылданатынын хабарлайды.
Байқаудың мақсаты – қоғамды ізгілендіру, ұлттық тәрбие мен салт-санамызды көрсететін бейнероликтер түсіру.
Байқауға қатысу талаптары төмендегідей:
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы тәрбие мен тағылымын көрсету;
Ислам құндылықтарын, асыл дініміз бен ата салтымызды халыққа насихаттау;
ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясындағы жұмыстарға басымдық беру;
Қоғамды ізгілендіру, ата өсиеті мен әжелер мектебін жаңғырту жайында роликтер түсіру;
Байқау шарттары:
Байқауға қатысушылар жоғарыдағы тақырыптар аясынан өздері қалаған тақырып бойынша ізгілікті насихаттайтын бір немесе екі бейне ролик ұсына алады;
Байқаудың талаптары:
Еңбектер «Ізгі қоғам» жылына деген белгімен қабылданады;
Байқауға қатысушылар ішіне өздері жайлы мәлімет (аты-жөні, телефон нөмірі, мекен-жайы) қосып, жұмыстарын munara.tv@mail.ru электронды поштасына жолдауы қажет.
Байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды, жұмыстар екі тілде де қабылданады.
Байқауға бұрын еш жерде жарияланбаған роликтер қабылданады;
Жұмыстар 1920х1080;
16/9 формат;
-6 дб дыбыс;
25 кадр форматы түрінде 5-7 минут аралығында болуы тиіс.
Бейнероликтерді қабылдау 2023 жылдың 10 қарашасында аяқталады.
Байқау барысы:
Байқау жеңімпаздарын елге белгілі тележурналстер, «Munara TV» жанындағы Көркемдік кеңес мүшелерінен құралған қазылар алқасы анықтайды.
Жеңімпаз авторлардың еңбектері республикалық «Munara TV» телеарнасынан көрсетіледі.
Жүлде қоры:
Бірінші орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге
Екінші орын – 200 мың (екі жүз мың) теңге
Үшінші орын – 150 мың (жүз елу мың) теңге
Бұдан бөлек 2 адамға ынталандыру сыйлығы (50 мың теңгеден) беріледі.
Ұйымдастырушы: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Munara TV» телеарнасы
Ақпараттық қолдаушы: «Munara TV» телеарнасы мен muftyat.kz сайты.